Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен жауын-шашынды ауа райы сақталады, республиканың батысында кей жерлерде күшті жауын жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін. Республиканың солтүстігінде кей жерлерде тұман түсуі күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана аптап ыстық және күн ашық болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК..

Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін.

Алматы, Жамбыл облыстарында, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, аптап ыстық болады.

Қызылорда облысында кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.