Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі.
Оңтүстікте қатты жаңбыр жауады, тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстіқ Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұршақ болады.
Түнде және таңертен Ақмола, Қостанай облыстарында, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел найзағай кезінде 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында, Түркістан, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.