Сәрсенбіде Атырау мен Алматыда ауа ластанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 тамыз күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сәрсенбіде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады.

Тек Алматы және Атырау қалаларында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай көрініс табуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.