Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарында секундына 15-20 метр күшпен соғатын желдің екпіні кей уақыттары 25 метрге жетіп, бұрқасын соғуы ықтимал. Ақтөбе облысында күндіз бұрқасынның күші қатты болады.
Павлодар облысында 15-22 м/с жылдамдықпен соғатын желдің күші 27 м/с-қа жетіп, оған қатты бұрқасын қосылады.
Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында сондай-ақ, бұрқасын мен жел күтілуде, оның екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.
Маңғыстау облысының кей өңірлерін тұман басып, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының кейбір аумақтарында тұман, көктайғақ, 15-22 м/с екпіндегі жел күтілуде.
Алматы облысын кей уақыттары тұман басады, түнде Жалаңашкөл аумағында желдің күші 18-23 м/с-ты құрайды.