Сәрсенбіде елімізде жел күшейіп, солтүстік өңірлерде бұрқасын соғады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық ағындардың бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, республиканың оңтүстік-шығысында тау және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі,  бұрқасындатқан желдің екпіні 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл,  Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын болады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында түнде екпіні 23 м/с күшейеді.  

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.