Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау мен Шымкент қалаларында қалыптасуы мүмкін.
Ал Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен, Қарағанды, Талдықорған қалаларында метеорологиялық жағдайлардың әсерімен ауадағы ластаушы заттар сейіледі.
ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.