Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, өткен тәулікте 69 адамнан қауіпті вирустың белгісі анықталған.
«Атырау қаласы әлі де коронавирус инфекциясының ошағы ретінде қалып отыр. Өткен тәулікте шаһарда 42 науқас тіркелді. Ал, Теңіз кен орнында – 3, Индер ауданында – 10,
Жылыойда – 6, Қызылқоғада – 4, Махамбет ауданында 1 адам қауіпті вирусқа шалдыққаны расталды», -деп мәлім етті денсаулық сақтау басқармасы.
Қазір 308 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Атырау қаласындағы модульдік ауруханада –110, №2 облыстық ауруханада – 65, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 44, фтизиопульманология орталығында 5 науқас ем қабылдауда. Жылыой ауданындағы Теңіз
кен орнындағы инфекциялық стационарда 84 пациент оқшауланған.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында инфекциялық стационарларда 327
науқас жатқанын жазған болатынбыз.