Шұғыла қоғамдық қорының демеушілігімен алынған тыныс алу аппараттары коронавирус індетіне шалдыққан азаматтардың өмірін сақтап қалуға және тезірек сауығып кетуіне септігін тигізбек.
Айта кетсек, бұған дейін демеуші азаматтардың көмегімен 100 төсек орын, 60 дана оттегі балоны, 15 дана оттегі концентраторы, ЭКГ аппараты, 20-тонометр, 29- пульсоксиметр аудандық орталық ауруханаға жеткізілген болатын.