Шараға шаруалар мен дихандардан бөлек ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Салтанатты шарада аудан әкімі Мұхит Отаршиев қатысып, бүгінгі таңда аудан экономикасының негізгі тірегі ауыл шаруашылығы саласы болып отырғанын атап өтті.
«Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға жылдан-жылға мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, жоғары нәтижелерге қол жеткізудеміз. Осы жеңістердің барлығы диқаншылар Сіздердің ала жаздай еткен еңбектеріңіздің нәтижесі екенін атап өту керек», – деді аудан әкімі.
Әкім жоғары көрсеткiшке қол жеткiзген шаруаларды арнайы алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Мерекелік шараға қатысқан аудандық мәслихаттың хатшысы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы да барша ауыл шаруашылығы саласының мамандарын құттықтады. Осы салада сіңірген еңбектері мен жоғарғы деңгейдегі атқарылған жұмыстары үшін дихандар және мамандар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты іс-шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының ән-шашуымен жалғасын тапты.
Айта кетейік, ағымдағы жылы аудан диқаншыларының қаржылы еңбегінің нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 66 млрд 695 млн теңгені құраған. 65 594 гектар жерге егіс егіліп, бүгінгі таңға осы егіс алқаптарында өндірілген өнім толық жиналып алынды. Егін және мал шаруашылығы бойынша облыс көлемінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.