Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша түн мезгілінде белгісіз біреулер терезе арқылы үйіне кіріп, миллион теңгеге жуық ақшасын алып кеткен. Ал, Сарыағаш ауданының басқа бір тұрғыны оның үйіне ұрылар түсіп, жатын бөлмеден 1,3 миллион теңгеге жуық ақшалары мен алтын бұйымдарын ұрлағандығын жеткізген. Осы тектес шағыммен полиция бөліміне ауданның бірнеше тұрғыны хабарласып, олардың да ақшалары мен бағалы заттарын ұрлап кеткенін айтқан. Үй тонаушыларды ұстау мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру шараларын жүргізді.
Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген Сарыағаш ауданының үш тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында сезіктілердің 12 пәтер ұрлығы мен мал ұрлығына қатыстылығы анықталды. Яғни, шілде айында күдіктілер Сарыағаш ауданы тұрғынының қорасына кіріп, мал қорадан 100 мың теңгеден астам тұратын 2 қойын ұрлап кеткені белгілі болды.
Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына жабылып, жәбірленушілерге шығындары біршама өтелген.