Кездесуге келген тұрғындар бірқатар өзекті мәселе бойынша сауалдарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қабылдауға келген азаматтар шалғай елді мекендерге өрт сөндіру бекеттерін салу мен жұмысқа қабылдау тәртібі жөнінде, Самал-3 мөлтек ауданында жаңадан табиғи газ қосылуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы өтініштерін жеткізді. Сондай-ақ, Келес ауданындағы өрт сөндіру мәселелері, Жылға ауылында су басуға жол бермеу бойынша және алдын алу шаралары туралы сұрады.
Азаматтармен кездесуде сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметіндегі ең өзекті мәселелер талқыланды. Азаматтардың шағымдары мен сұрақтарына толығымен әрі нақты жауаптар берілді.
Облыстық ТЖД бастығы тұрғындарға осы салаға қатысты кез-келген мәселелер бойынша аудандық бөлімдерге шағымдануға болатынын атап өтті.