Сарыағаш ауданында жоғалған баланы полицейлер тапты
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған хабарлама бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің инспекторлары Заманбек Көшбаев пен полиция капитаны Серік Дархановтар тез арада жасөспірім баланы табуға кіріседі. Оның баруы мүмкін жерлерін тексеріп, достарынан, туыстарынан, көрген-білгендерден сұрастырады. Нәтижесінде полицейлер жасөспірімнің жүрген жерін анықтап, 25 шақырым қашықтықтағы туысының үйіне барған. Әрі баланы сол үйден тауып, оны анасына дін-аман күйінде табыстады.
«Тергеу барысында анықталғандай, жоғалған 10-сынып оқушысы кешкісін достарымен қыдырып кеткен. Өзімен жасты туысының баласымен бірге соның үйіне барып қонған. Өз кезегінде баласымен аман-есен қауышқан ана аудандық полицейлерге алғысын білдірді», - делінген хабарламада.