Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Жібек жолы-Жетісай тас жолында орын алған. «Лада» жеңіл көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Фольксваген-пассат» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында жантәсілім етті. «Фольксваген-пассат» көлігінің тағы екі жолаушысы жедел жәреммен ауруханаға жеткізілген.
«Қазіргі таңда Сарыағаш аудандық ПБ сотқа дейінгі тергеу жұмысын жүргізуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды»,- дейді Салтанат Қаракөзова.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында 337 жол-өлік оқиғасы тіркеліп, 85 адам қаза тапқан. Тағы 463 адам түрлі дене жарақатын алған.