Сарыағаш шекарашылары 7 қап тасбақаны тәркіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарыағаш шекара отрядының шекарашылары «Келес-Сарыағаш» бағытындағы пойыздың жүк вагонын тексеру барысында тасбақалар салынған 7 қапты анықтаған.

Оның жалпы салмағы 280 кг болды, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен. Қазіргі таңда аталған факті туралы құқық қорғау органдары хабардар етілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.