Сарыағашта 400-ге жуық отбасы таза ауыз сумен қамтылды
2016 жылдың маусым айында басталған ауыз су құрылысы жұмыстарын мердігер мекеме «Үш-Сай» ЖШС-ы жүргізді. Бүгінде 386 отбасы таза ауыз суға қол жеткізіп, каммуналдық қажеттілік шешімін тапты.
Ел қуанышын бөлісе келген аудан әкімі Қайрат Әбдуалиев Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктер жайын баяндап, тіршілік нәрі келгені әрбір үйге үлкен мереке екенін атап өтті.
Жалпы ауданда 154 елді мекен болса, оның 69 елді мекені ауыз сумен қамтылған. Ал 2017 жылға 32 елді мекенге ауыз су тарту мақсатында жобалық сметалық құжаттары дайындалуда. Жалпы, ауданда мемлекеттік бағдарламалар тиісті деңгейде атқарылып келеді. Солардың бірі осы таза ауыз су бағдарламасы. Елдімекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету Сарыағаш ауданында алдын ала жоспар бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Келесі жылы жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатқан отыз екі елді мекенге су тарту жұмыстары басталмақ.