Қызық жағдай Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болған. Иесі таңертең дүкенін ашқан кезде іші астаң-кестең болып жатқанын байқайды. Балмұздақтардың қағаздары жан-жаққа шашылып, тәтті сақталған кішігірім тоңазытқыштың іші босап қалған, ыдыс-аяқтар сынған. Мұны көрген дүкеннің иесі полицияға хабарласады.
Сарыағаш АІІБ-нің жедел қызметкерлері балмұздақ жеуден «рекорд жасаған» азаматшаны ізін суытпай ұстады. Күдікті Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Дәл қазір ол ҚР ҚК-нің «Ұрлық» бабы бойынша тергелуде.
13:54, 23 Қыркүйек 2018
Сарыағашта дүкенге түскен ұры 15 мың теңгенің балмұздағын жеп кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Сарыағаш аданында дүкендердің біріне ұрлыққа түскен әйел 15 мың теңгенің балмұздағын жеп кеткен, деп хабарлайды yujanka.kz.