ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» шекара бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күдікті Қазақстан Республикасына өтерде «Линда» атты ит белгі берген. Тәртіп сақшылары бірден тексеру жұмыстарын жүргізіп, күдіктінің аяқ киімінің ұлтарағына жабыстырылған қара түсті пакетке салынған есірткіге ұқсас затты тапты.
«Полиция қызметкерлері табылған айғақты затты тәркілеп, сараптама тағайындады. Зерттеу қорытындысы шетелдіктен алынған заттың «гашиш» есірткісі екені көрсетті. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» - делінген Түркістан облысы полиция департаменті таратқан хабарламада.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.