Жергілікті атқарушы органдар және Сарыағаш аудандық ТЖБ күштерімен канал шлюзін жабу жұмыстары атқарылды.
«14 мамырда сағат 18.20-да Сарыағаш ауданы Қызылжар елді мекенінде нөсер жаңбыр салдарынан Келес өзеніндегі су деңгейі көтерілді. Ал сусыз жатқан, өткізу қабілеті секундына 2 текше метрді құрайтын Ханым каналына жіберілген су облыстық деңгейдегі «Сарыағаш-Дербісек» (ұзындығы 500 м, ені 30 м, тереңдігі 25 см) жолынан асып, 19 жеке үйдің ауласын басып қалды»,-делінген ТЖК хабарламасында.
40 құтқарушы мен жергілікті атқарушы органдардвң 10 қызметкері, сондай-ақ 14 техника су тартып шығару жұмыстарына жұмылдырылды.