Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кешкі сағат 18:50 шамасында тіркелген.
Тәртіп сақшылары көпірдің жақтауы арқылы секірмекші болған әйелге қатысты шұғыл шараларды дер кезінде қабылдап, әңгімеге тартқан. Оны қауіпсіз қашықтыққа алып барып, құтқарып алған. Кейіннен әйелдің Сарыағаш қаласының тұрғыны екені және оның медициналық-психологиялық көмекке зәру екені анықталған. Артынша туыстарына тапсырылған.
«Аталған жайт ҚР ҚК -нің «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі кезде барлық болған оқиғаның жағдайының себептері анықталуда» делінген хабарламада.
Өз кезегінде әйелді құтқару кезінде жедел шара қолданғандығы үшін Сарыағаш АПБ-нің басшылары полиция аға лейтенанты Рүстем Райымбеков пен полиция лейтенанты Аман Нұрқанатқа, Хасан Әбілдер мен басқа да полиция қызметкерлеріне алғыс білдірілген.