ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Сарыағашта сайлау учаскесіне келушілер караокеде ән айтып, көрмені тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сарыағаш ауданы Көктерек кентіндегі №16 И.В. Панфилов атындағы жалпы білім беру орта мектебінде орналасқан №672 сайлау учаскесіне келушілерге ерекше жағдай жасалған.
Сайлау учаскесіне кіре-беріске караоке қойып, көрме ұйымдастырылған. Онда ән айтып, көрмедегі заттарды тамашалауға болады.
Сұрақ-жауап ойындарына қатысып, сыйлық алуға да мүмкіндік бар.
Бұдан бөлек, концерттік бағдарлама ұйымдастырылған.
«Сайлау учаскесіне келушілер патриоттық әндерді айтып жатыр. Баршасының көңіл күйі жақсы. Халық сайлауға да белсенді қатысып жатыр»-дейді қала тұрғыны Б. Абдиханов.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.