Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, шекара бекетінен өту кезінде «Линда» атты иісшіл ит белгі берген.
Жедел уәкілдер ол азаматты тінту кезінде шалбарының арасында 2 дана мүшеқапқа оралған есірткіге ұқсас зат табылған.
Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізген.
Сараптамаға сәйкес, тәркіленген өсімдік тектес зат салмағы 2 грамнан асатын апиын болып шыққан.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының тұрғыны қамауға алынды.
Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.