Қайғылы оқиға 24 ақпанда болған. Алғашқыда жараланған қыз Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.
«Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады. Сондай-ақ сот наркологиялық сараптама кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішпегені анықталған» делінген хабарламада.
Аталған оқиға негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды, процессуалдық шешім қабылданады.