Облыстық ПД мәліметінше, жоғалған баланың анасы ұлының 15 қыркүйекен бері хабарсыз кеткеннін айтқан.
Оның айтуынша, бұрын соңды баласының мұндай орынсыз әрекеті болмаған. Сабақта үлгілі, тілалғыш бала болған.
«Бұл шараға арнайы 4 мобильдік топ құрылып, учаскелік полиция инспекторлары мен жедел уәкілдер жұмылдырылады. Нәтижесінде мектеп оқушысы бір жарым тәуліктен соң Қапланбек елдімекеніндегі жолдың бойынан табылған. 16 жастағы бала анасына табысталды»- делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Сарыағаш АПБ-нің психолог мамандары жасөспірім баланың қалайша із-түссіз жоғалып, қайда түнегенін анықтау үстінде.