«Бізді ойлағандарыңыз үшін көп рахмет. Кеше немеремнің болашағына алаңдаған облыс әкімі, Балалар құқын қорғап жүрген Балиева ханым өздерінің барынша көмек көрсететіндігі туралы айтты. Адвокаттарға да алғыс айтқым келеді. Немереме көмек көрсету үшін тиісті мекемелер оны Астанаға алып кетіп жатыр. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын...»,- дейді жеткіншектің әжесі Шарипа Батырбекова желі арқылы.
Бүгін зейнеткерді немересімен бірге Астанадағы «Аналар үйіне» орналастырылғаны мәлім болды. Бұл туралы «Асыл бала» қауымдастығының ОҚО-дағы филиалы директоры Гүлнар Үсенова айтып берді.
«Осы оқиға бойынша қылмыстық істі жүргізіп жатқан тергеуші де Астанаға келді. Барлық жағдай Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Сараптамалар тек әжесінің қатысуымен жасалады. Содан кейін ғана нақты бір шешім қабылданады»,- деді Гүлнар Үсенова.
Оның сөзінше баланы тиісті кешені сараптамадан өткізу кезінде олар сол жерде болады. Барлығық шығынын аталған қор өз мойнына алған.
Еске сала кетейік, осы оқиға бойынша бірқатар шенеунік қызметінен шеттетілген болатын.