«Сарыарқа - адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне 1000-нан астам өтініш түсті

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне Қарағанды облысының тұрғындарынан 1000-нан астам өтініш келіп түсті. Көп жағдайда өтініш берушілер құжаттарын алуға және заңды мәселелерді шешуге көмектесуді сұраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарыарқа - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы туралы оныңбасшысы Мәлика Күсенбаева облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыстабаяндады.

«455 өтініш бойынша шаралар қабылданды. Мәселен, Бұқар Жырау ауданындажергілікті әкімдіктің көмегімен өтініш берген тұрғынға зейнеткер куәлігін берумәселесі шешілді. Қарағанды қаласының Октябрь ауданында «Маяк» аялдамасындажылдамдықты шектейтін жол белгісі орнатылды. Шет ауданында Жарық ауылындағыорта мектеп қызметкерінің жалақы бойынша құқықтары қалпына келтірілді.Сондай-ақ бізге Ресей азаматшасы ҚР аумағынан тыс жерлерге шығуға тыйым салудыалып тастауға көмек көрсету туралы өтініш білдірді», - деді ол.

Жоба аясында облыста мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарындажәне мемлекеттік мекемелерде 121 «адалдық дүкені» ашылды. Қалалар мен ауданәкімдіктерінде open space қағидаты бойынша фронт-кеңселер мен қабылдаубөлмелері пайда болды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңтөрағасы Алик Шпекбаев «Сыбайлас жемқорлықтан азат аймақтар» жобасын жетілдірубойынша Мәлика Күсенбаеваның белсенді жұмысын бағалады. Агенттік басшысыныңқолы қойылған мадақтау қағазын бүгін аппараттық кеңесте облыс басшысы ЕрланҚошанов табыс етті.

2018 жылдың қараша айында Қарағанды облысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсыаймақтар» акциясы аясында жұмыс істей бастады.

Соңғы жаңалықтар