Төтенше жағдайдың салдарынан 5 тұрғын үй мен бала-бақша сусыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстары 3,5 сағаттан кейін аяқталып, сумен қамтамасыз ету жұмыстары толық көлемде жүзеге аса бастады. Апаттың салдарымен күрес жұмыстарына «Астана су арнасы» кәсіпорнының 10 адамы мен 5 техникасы тартылды.
10:31, 10 Қыркүйек 2011
«Сарыарқа» ауданында құбыр желісінің ескіруінің салдарынан су құбыры желісі жарылды - ТЖМ
ТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астананың «Сарыарқа» ауданында құбыр желісінің ескіруінің салдарынан су құбыры желісінің 400 милиметрі жарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар қызметі.