Атап айтқанда, шыршалар Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңға, М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының жанына, ҚР Қаржы министрлігі ғимаратының алдындағы алаңға, К.Бәйсейітова атындағы опера және балет театрының алдына, теміржол вокзалының алдындағы алаңға, №188 көшеде «Северный» сауда үйінің аумағында, «Көктал-1» тұрғын алабында «Наз» театрының алдына, Өндіріс тұрғын алабында №49 мектептің жанына орнатылды.
Бұдан басқа, Сарыарқа ауданында «Sine Tempore» сауда үйінің алдындағы алаңда мұз корт салынып, Оқушылар сарайының артынан 2 сырғанақ жасалады.
Сонымен қатар, Астанада шағын сәулет формалары қойылады: Сарыарқа даңғылы мен Ирченко көшесінің қиылысында - «Шырша мен кәдесый шарлары», Абай даңғылы - Жеңіс даңғ. қиылысында - «Қар ұшқындарынан жасалған шырша», ҚР Қаржы министрлігінің алдындағы алаңға - «Боран мен жыл нышаны», Абай ескерткішінің алдына - «Қысқы шие», Кенсары к-сі - Жеңіс даңғ. бұрышында - «Қыс қызы», Шахматный скверінде - «Қар ұшқындары».