Сарыарқа ауданында жыл соңына дейін 260 аула абаттандырылады

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - 15 сәуірден бастап аулаларды абаттандыру бағдарламасы аясында елорданың Сарыарқа ауданында 90 ауланы абаттандыру жұмыстары басталды. Бұл туралы astаna.kz сайтына Сарыарқа ауданының әкімдігі мәлімдеді.

«Асфальт бетон төсеу, жарық тіреуіштері мен шағын сәулет пішімдері - балалардың ойын кешендері, спорттық алаңдар мен орындықтар, қоқыс салатын жәшіктер орнатылды. Жұмыстың аяқталуы маусым айының соңына жоспарланған», - деп хабарлайды әкімдіктен.

Қазіргі таңда асфальт бетондарын төсеу жұмыстарымен қатар, Жеңіс даңғылы 51/1, 51/2, 51/3, Сарыарқа даңғылы 39, 39 а, Жангелдин көшесі 26, Ш. Айманов көшесі 16, 16/1, 11, Бөгенбай батыр 59, Біржан сал көшесі 1, 3, 3/2, Талапкер көшесі 6, 8, 5, 12, Республика даңғылы 72,74, Есенберлин 36 мекенжайларына декоративтік қоршаулар орнатылуда. Жалпы алғанда, жыл соңына дейін Сарыарқа ауданындағы 260 аула абаттандырылып, жаңа кейіпке енбек. Жұмысты тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.