«Сарыарқа» Францияның «Жыртқыш құсының» қанатын қайырды

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасының жаңа маусымына дайындық аясында кезекті ойынын өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстандық командаға қарсылас болған франциялық Les Rapaces de GAP ("Гапалық жыртқыш құс") клубы оңбай ұтылды. Ойын қорытындысында біздің хоккейшілер француздықтардан 7:2 есебімен басым түсті.

Естеріңізге сала кетейік, «Сарыарқа» бұл командамен 10 тамыз күні кездесіп, 4:2 есебімен басым түскен болатын.