Алмасу келісіміне сәйкес, хоккейшілердің екіжақты ауысуы жасалды. «Молот-Прикамье» ХК-ға қорғаушы Александр Шикун мен қақпашы Александр Енюшин өтті. Қарағандылық командасын шабуылшы Александр Романов толықтырды.
Александр Ремов 1994 жылдың 7 маусымында дүниеге келген. Хабаровск қаласындағы хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. ЖХЛ-дағы мансабын 2015-2016 жылғы маусымда бастаған.
2016-2017 жылғы маусымда «Зауралье» ХК-ның намысын қорғап, өткізілген 45 ойынның ішінде 19 (6 13) ұпай жинаған. 2017-2018 жылғы маусымда «Молот-Прикамье» ХК үшін ойнап, 22 кездесуде 15 (7 8) ұпай көрсеткішіне қол жеткізді. Биылғы 2018-2019 жылғы маусымда Александр 24 матч өткізіп, 15 (4 11) ұпай жинап үлгерді.