Қарағандыда өткен матч 2:1 есебiмен аяқталды. Айта кету керек, таблодағы есеп ойынның тек 30-шы минутында ашылды. Қарағандылық форвард Вадим Голубцов «Сарыарқа» клубын алға шығарды. Алайда ойынның аяқталуына жиырма минут қалғанда Максим Картошкин матчты овертаймға ауыстырды.
Қазақстандық командаға Алан Мартин Гуленiң соққысы жеңiс әпердi.