Бұл ойында алаң иелері есепті бірінші болып ашты. Алайда үш минуттың ішінде «Сарыарқа» есепті теңестіріп, бірінші кезеңнің аяғына дейін өз басымдығын ұлғайтты. Есеп - 1:2. Екінші кезеңде қарсыластар қақпасынан тағы екі шайба табылды. Ал үшінші кезеңде Қарағанды қаласының хоккей клубы төрт бірдей шайбаны соғып, есеп айырмасын 1:8-ге жеткізді. Соңғы секундтарда «Спутник» тек бір ғана шайбаны қайтара білді. Қорытынды есеп - 2:8.
Айта кетейік, кешегі ойыннан кейін «Сарыарқа» хоккей клубы тағы үш ұпайға қол жеткізіп, Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде 7-ші орынға көтерілді.