«Сарыарқа» хоккей клубының бас жаттықтырушысы болып Геннадий Цигуров тағайындалды

None
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Өткен жексенбіде қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының жиналысында жаңа бас жаттықтырушы - ресейлік маман Геннадий Цигуров ойншыларға таныстырылды,

деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

«Оған жаттықтырушы Дмитрий Крамаренко мен қақпашылар жаттықтырушысы Андрей Болсуновский көмектеседі», - делінген «Сарыарқа» ХК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.