«Сарыарқа» мен «Торпедо» ЖХЛ-да жеңіске жетті
22:35, 24 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары хоккей лигасы аясында Өскеменде «Торпедо» самаралық ЦСК командасымен ойнады, деп хабарлайды Sports.kz.
Алғашқы кезеңде өскемендік Дмитрий Быков пен Аркадий Шестаков соққан шайбаларға самаралық Никита Попов жауап қайтарды. Екінші 20 минутта «Торпедо» командасының мүшесі Михаил Милёхин мен самаралық ЦСК өкілі Алексей Алексеев шайбалармен алмасты. Ойынның үшінші бөлігінде Александр Торяник айдын иелерінің мүмкіндігін күшейтті. Тіпті Никита Поповтың шайбасы де есепті теңестіруге мүмкіндік бермеді.
26 желтоқсан күні Өскеменде «Торпедо» пензалық «Дизель» командасымен бәсекеге түседі.
Тағы бір матчта «Сарыарқа» «Барс» командасымен ойнады.
Есепті екінші 20 минутта қарағандылық Илья Антоновский ашты. Финалдық белгіге дейін Кирилл Тамбиев қонақтардың қақпасына екінші шайбаны тоғытты.
26 желтоқсан күні Қарағандыда «Сарыарқы» «Саров» командасымен шығады.