Біріншілік бағдарламасында шахмат, дойбы, асық ату, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, күштік гимнастика, пауэрлифтинг, доппен жонглерлік ету және гір тасын көтеру спорт түрлері болды.
Онлайн-жарыс екі кезеңде өтті. Спортшылар алдымен қалалар мен аудандарда сайысты, содан кейін финал өтті. Облыстық біріншілікте барлығы 2 837 адам - балалар мен ересектер өз күшін сынады.
Жалпыкомандалық есепте қалалар арасында бірінші орынды Қарағанды еншілесе, екінші орынды -Теміртау, ал үшінші орынды Шахтинск алды. Аудандық біріншілікте Абай ауданы жеңімпаз атанды, екінші орынға Бұқар жырау ауданы шықты, Шет ауданы
үздік үштікті түйіндеді.
«Біздің аудан жыл сайын жүлделі орындарға ие болады. Біз Saryarka спартакиадасының 15 дүркін чемпиондарымыз. Көшбасшылар қатарында дойбы мен шахмат ойыншылары бар. Бұл тек спортшылардың ғана емес, жаттықтырушылардың да еңбегі. Жарыстарға кәсіпқойлар да, әуесқойлар да қатысты», - дейді Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ерасыл Борамбаев.