«Сарыарқа» «Рубинді» овертаймда жеңді
08:15, 20 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда ЖХЛ чемпионаты жарысының аясында «Сарыарқа» түмендік «Рубинді» қабылдады.
Бұл туралы sports.kz жазып отыр.
Бірінші кезеңде қарағандылық Исаак Валицкий есеп ашты. Екінші жиырма минутта Түмен командасының ойыншысы Дмитрий Клопов есепті теңестірді. Ойынның үшінші кезеңде шайба кіргізілген жоқ. «Сарыарқаға» жеңісті овертаймда Евгений Кулик әкелді.
24 қазан күні Пензада қарағандылық «Сарыарқа» «Дизель» командасымен ойнайды.
«Сарыарқа» - «Рубин» 2:1 ОТ (1:0, 0:1, 0:0, 1:0)
Шайбалар: 1:0 - 03:19 Валицкий. 1:1 - 23:12 Клопов (Волжанкин, Кузнецов).
2:1 - 64:59 Кулик. Қақпашылар: Рейзвих - Хомутов Айып: 8:10 (2:0, 4:6, 2:4, 0:0).