Бұл ойында алаң иелерінің басымдығы барынша байқалды. Бірінші кезеңде олар екі бірдей шайба соқса, екінші кезеңде есеп айырмасын 3:0-ге дейін жеткізді. «Сарыарқа» тек үшінші кезеңде ғана оянғандай болды. Қарсыластар қақпасына екі мәрте қауіп төндірсе де таразы басын теңестіре алмады. Ал «Рубин» тағы бір шайбамен көзге түсті. Қорытынды есеп 4:2.
Айта кетейік, осы ойыннан кейін Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде «Сарыарқа» 47 ұпаймен 9-шы орынға сырғыды. Ал «Рубин» хоккей клубы «Қазцинк-Торпедоны» артқа тастап, 53 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.