«Сарыарқа» - «Торос»: есеп теңесті

None
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше, Башқұртстанның Нефтекамск қаласында жергілікті «Торос» командасымен кездескен қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы өз қарсыласын жеңіп, финалдық кездесулердің жалпы есебін теңестірді.

Ойынның басында болған айыптарға қарамастан, біздің хоккейшілер есепті бірінші болып ашты. Алғашқы кезең бітпей тұрып, Семен Кокуев қақпашыны қапы қалдырып, өз командасын алға шығарды. Ал екінші кезеңде Денис Игнашин есепті еселей түсті. Бір сағаттың ішінде «Торос» тек бір шайбаны ғана қайтара білді. Оның өзі «Сарырарқа» бір ойыншыға кем ойнаған кезде іске асты. Қорытынды есеп - 2:1. Осымен төрт кездесудің жалпы есебі теңесті - 2:2.

Жоғары хоккей лигасы аясындағы кезекті финалдық ойын Қарағанды қаласында 26 сәуір күні өтеді. Айта кетейік, төрт ұпай жинаған команда жеңімпаз атанып, «Братина» кубогын иеленеді.