Волжскіде өткен кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Алғашқы кезеңде командалар гол алмасты. Михаил Климчуктың шайбасына (9-минут) қонақтар Денис Игнашиннің соққысымен (18-минут) жауап қайтарды.
Екінші кезеңнің басында Анатолий Васильев «Сарыарқаны» алға шығарды. Алайда 48-ші минутте «Ариада» Алексей Гришиннің күш салуымен есепті теңестіріп кетті.
Овертаймның алғашқы муинутында Владимир Шепелевтің дәлдеп соққан шайбасы «Ариадаға» жеңіс әперді.
Сонымен бұл сериядағы есеп «Сарыарқаның» пайдасына 3:1 болып тұр.
Келесі қарымта ойын Қарағандыда өтпек.