Іс-шараға облысқа, ауданға белігілі, белсенді азаматтар, ардагерлер, елге еңбегі сіңген қайраткерлер, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға арнайы келген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы, аудан әкімі Абдуалиев Қайрат Аманкелдіұлы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, ауданымыздың дамуына ерен еңбегі сіңіп жүрген азаматтарға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы алғыс хаттары мен сыйлықтарын табыс етіп, "ауданның құрметті азаматы" атақтарын берді. Сөз алғандар Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері қалай дамыды, қандай ұлы қадамдар жасалды және қаншама азаматтың осы жолда сіңірген еңбектері жөнінде айта келіп, сол қатарда іргелі істермен дамыған Сарыағаш ауданының жетістіктеріне де тоқталды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.