Жолды жаңарту жұмыстары жазғы қалпына келтіру кестесіне сай жүргізілуде. Осындай әдіспен Қырқыншы-Ерейментау жол телімінде де темір-бетон шпалдары ауыстырылады. Жөндеу жұмыстары 36 сағатта аяқталады. Шпал ауыстыру жұмыстары СМД-80 жол техникасын пайдалану арқылы жүргізілуде.
Ақмола магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жанат Әлжановтың айтуынша, жол техникасы рельсті ажыратып жатпай-ақ, шпалды кестеде белгіленген уақытта төсеуге мүмкіндік береді.
Технологиялық «терезе» кезінде бұл жолдармен пойыздардың қозғалысы тоқталмайды. Жүк және жолаушылар пойыздары белгіленген кестеден еш ауытқымай, межелеген жеріне уақытында жетеді.