Сағат 00:10-да өрт туралы хабар келіп түскен бойда Сарышаған стансасына өрт сөндіру пойызының жеке құрамы жіберілді.
Ауданы 90 шаршы метр қоймада 60 тоннадан астам көмір болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен екі жарым сағаттай алысып, 02:40-та толықтай сөндірді.
Өртті сөндіруге өрт сөндіруші пойыздың 7 қызметкерінен тыс, 12 жергілікті теміржолшы да қатысты. Көмірді шығаруға трактор жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.