Саша Барон Коэн түскен «Диктаторды» Тәжікстанда көрсетуге тыйым салынды

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Тәжікстанда британдық актер Саша Барон Коэн түскен «Диктатор» комедиясын көрсетуге тыйым салынды. Бұл туралы РИА-Жаңалықтар хабарлады.

Әлемдік кинопремьералардың республикадағы жалғыз дестрибьюторы «Тантана» компаниясының өкілі: «Біз Тәжікстанға «Диктатор» фильмін халқымыздың ұлттық діліне байланысты әкелмедік»,- деп атап көрсетті.

Кино және видео мемлекеттік мекемесі лицензиялық бөлімінің бастығы («Тәжіккино») Акбар Шәріпов атап көрсеткендей, «Диктаторды» көрсеткен кинотеатрларға айыппұл салынатын болады. Бұл, Тәжікстанда көрсетілетін барлық картиналар көрсетілім үшін «Тәжіккинодан» міндетті түрле лицензия алуы керектігімен байланысты. «Тәжіккино» фильмдегі сөздердің мәдениетке сай болуын және көрермендердің жас ерекшеліктері бойынша шектеулерді анықтайды. «Диктатор» бұл процедураны өткен жоқ.

«Диктатор» сондай-ақ Түркіменстанның кинотеатрларында көрсетуге тыйым салынды.

Бұл фильмде Коэн араб елдері бірінің әміршісі рөлін ойнады. Актер өмірін қатерге тіге отырып, өзінің «махаббат қаналған» елінде демократияның орнамауына жан-жақты күреседі. Картинаның Ресейдегі және Орталық Азияның бірқатар елдеріндегі тұсаукесері 17 мамырда өтті. Комедияның Қазақстандағы көрсетілімі туралы ақпарат жоқ.