АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі қаулысымен Солтүстік Қазақстан облысындағы көлдердің бірінің атауы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округінің аумағында орналасқан Сасықкөл көлінің атауы Мәриямкөл көлі болып өзгертілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі». – делінген құжатта.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда төрт бірдей көл «Сасықкөл» деп аталса, оның екеуі Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан.
Фото: halyq-uni.kz
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.