Бүгінде министрлік жобаның жол картасын әзірледі. Каналды жаңғырту жұмыстары келесі жылы басталып, бес жылда аяқталады деп жоспарланып отыр. Жол картасы сорғы қондырғылары мен электр желілерін жөндеуді, сондай-ақ басқа да іс-шараларды қамтиды.
«Қ.Сәтбаев атындағы канал Қарағанды және Павлодар облыстарының өнеркәсіп орындарын сумен қамтамасыз ететін маңызды нысан. Сондай-ақ, канал Жезқазған, Қарағанды және Павлодар қалалары үшін ауыз судың негізгі көзі болып табылады. Сондықтан біз нысанды ұзақ мерзім бойы және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз еткіміз келеді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Айта кету керек, Қ.Сәтбаев атындағы канал Павлодар және Қарағанды облыстары арқылы өтетін бірегей нысан. Оның жалпы ұзындығы - 458 шақырым.