«Қазір әлеуметтік желілерде Сәтбаев қаласында мектеп жасындағы балаға иттің шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біздің облыста мұндай оқиғалар тіркелген жоқ. Дегенмен, балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, оларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Ұлытау облысының тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және қасақана жалған ақпарат таратпауды сұраймыз», - делінген облыс әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған хабарламада.
Қоса кетейік, бұған дейін ит қауып алған Түркістан облысының тұрғыны құтырма ауруынан қайтыс болғанын хабарлап едік.
Сонымен қатар былтыр Солтүстік Қазақстан облысында 900-ге жуық адамды ит қапқан.
Фото: media.canal3.md