Сонымен қатар бұл номинацияда теміртаулық «REN-MILK» ЖШС және Бұқар жырау ауданындағы «Қарағанды құс» ЖШС үздік деп танылды.
«Ханум» Жағыпарова М.К. ЖК» макарон өнімдерін шығаратын өндірістік өнеркәсібі заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда қысқа кесілген макарон өнімдері мен жайма шығаратын жоғарытехнологиялық екі желі жұмыс істейді. Бүгінде макарон өнімдерінің 10 түрін өндіреді. Болашақта өнім түрлерін көбейту көзделген. Өндіріс қуаттылығы жылына - 3000 тонна.
«Ұнды біз Өскеменнен аламыз. Алдағы жылдары өзіміздің диірменіміз бен ұн тарту цехымызды ашқымыз келеді. Қазір өнімдерімізді Сәтпаев, Жезқазған қалалары мен Ұлытау ауданының тұрғындары тұтынады. Еліміз бойынша таралуы үшін еңбек ететін боламыз, - дейді кәсіпкер Меруерт Жағыпарова. - Біз өз ісімізді дамытып жатырмыз және ел экономикасының өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймын».
Макарон цехында 5 адам жұмыс істейді. Еңбеккерлер жаңа технологияларды меңгеру үшін оқу курстарынан өткізіледі.
Кәсіпорын қазір Астана қаласында өтетін байқауға қызу дайындық үстінде.