Сәтбаев қаласында «Сулпак» сауда үйі отқа оранды

None
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - 15 қаңтарда 03. 21 минут кеткенде Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы «Сулпак» сауда үйінің сырты мен 3 шаршы метр жердегі 1-ші қабаттағы қоймасы отқа оранды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Өрт 04-тен 27 минут кеткенде сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға Қарағанды облыстық ТЖД-ның 13 адамнан тұратын арнайы құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 4 техника бірлігі және ҚР ТЖМ «Өртсөндіруші» АҚ-ның 5 адамнан тұратын арнайы құрамы мен 1 техника бірлігі  жұмылдырылды.

 Жалын шарпыған аумақ 153 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.