«Бұл өз ісіңді өрге дөңгелетуге тамаша бастама. Мұнда жасы 16-дан асқан жастар, жұмыссыздар, көпбалалы аналар және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер оқи алады. Олар бизнесті ашу және жүргізу үшін қажетті білім алады», - дейді жоба жетекшісі Татьяна Хасанова.
Сабақтар онлайн және офлайн форматта өтеді. Қазіргі кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөліседі.
Оқу бес аптаға созылады. Жазылу 8-700-477-66-47 нөмірі бойынша жүргізіледі.
Биыл Сәтбаев қаласында Жастар кәсіпкерлігін қолдауға 20 млн теңге бөлінді. Жастар арасынан шыққан мектеп түлектері қала әкімінің гранты конкурсына қатыса алады.