Сәтбаев қаласындағы өрт бір адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында 27 шілде күні «Горняк» саяжай қоғамына тиесілі үй отқа оранды.

Жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 49 жастағы ер адамның мәйіті табылды.